«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл»
Мектебімізден арнайы критерийге сәйкес іріктелген, үздік оқитын, пәндік олимпиада жүлдегерлері болып табылатын 2 оқушымыз Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдастырылған «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» атты Президенттік шыршаға қатысып қайтты Балаларға мерекелік көңіл күй сыйланып, арнайы сыйлықтар мен iPad табысталды. Бұл – оқушыларымыздың жетістігіне берілген үлкен қолдау әрі зор мотивация. Балаларымызға алдағы оқу жолында тек сәттілік пен биік белестер тілейміз! #Тәрбие_бөлімі #АПҚО