12
январь
2026
"Кәсіби бағдар" тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.
2026 жылдың Қаңтар айының 12 күні Zoom платформасы арқылы кәсіби бағдар жұмысы аясында онлайн форматта "Кәсіби бағдар" тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысқа 8–11 сынып оқушылары, кәсіби бағдар жетекшісі және арнайы шақырылған мамандар қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстырып, қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай дұрыс таңдау жасауға бағыт-бағдар беру болды.
Мақсаты:
Оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы нақты түсінік беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие салалармен таныстыру, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттау.
Zoom кездесу барысында кәсіби бағдар жетекшісі оқушыларға мамандық түрлері, олардың ерекшелігі, қазіргі заманға сай өзекті салалар жайлы мәлімет берді. Сонымен қатар, мамандық таңдаудағы басты факторлар: қызығушылық, қабілет, сұраныс пен құндылықтар туралы сөз қозғалды. Шақырылған қонақтар өз мамандықтары жайлы айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар тарапынан белсенді сұрақтар қойылып, пікір алмасу жүргізілді.
Қорытынды:
Кездесу оқушыларға бағыт-бағдар беріп, мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырды. Іс-шара тиімді өтті.