Дебат түрлері жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дебат түрлері жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
23
декабрь
2025
0

Дебат түрлері жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

23.12.2025ж күні мектебімізде оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз көзқарасын еркін әрі дәлелді түрде жеткізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында дебат түрлері жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушылар дебаттың мәні мен маңызымен танысып, оның білім алудағы және тұлғалық дамудағы рөлі туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар, парламенттік дебат, Карл Поппер форматы, Линкольн–Дуглас дебаты, пікірталас және панельдік талқылау сияқты негізгі дебат түрлерінің ерекшеліктері, құрылымы мен ережелері кеңінен түсіндірілді.
Теориялық ақпаратпен қатар, оқушыларға практикалық тапсырмалар беріліп, командалық жұмыс жасау, қарсы тараптың уәжіне жауап беру, дәлел келтіру және шешендік өнер элементтерін қолдану жолдары көрсетілді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды, сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Бұл түсіндіру жұмыстары оқушылардың логикалық ойлауын жетілдіруге, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және болашақта дебат сайыстарына сенімді қатысуына үлкен септігін тигізеді. Алдағы уақытта дебат мәдениетін дамытуға бағытталған осындай іс-шаралар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив