30
январь
2026
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ.
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде "Бүгінгі жасөспірім: қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері" тақырыбында 29.01.2026 ж күні 5 «А» сынып жетекшісі М.Адилбекова ата-аналарға арналған тренинг-жиналыс өткізді.
Қазіргі әлеуметтік және ақпараттық орта жасөспірімдердің дамуына айтарлықтай әсер етуде. Осыған байланысты ата-ана мен мектептің бірлескен әрекеті баланың қауіпсіз әрі үйлесімді дамуын қамтамасыз етуде маңызды. Тренинг-жиналыстың мақсаты – ата-аналарға жасөспірімдер арасында кездесетін қауіптер туралы мәлімет беру және олардың алдын алу жолдарын түсіндіру.
Жасөспірімдік кезеңде баланың мінез-құлқында, эмоциялық жағдайында және қарым-қатынасында өзгерістер байқалады. Қазіргі таңда интернет пен әлеуметтік желілер, зиянды әдеттер, психологиялық күйзелістер негізгі қауіп көздері болып отыр. Құрдастар ықпалы мен бақылаудың әлсіздігі баланың мінез-құлқына теріс әсер етуі мүмкін.
ҚАУІПТІҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
• тұйықталу немесе ашушаңдық;
• оқу үлгерімінің төмендеуі;
• ұйқы режимінің бұзылуы;
• интернетке шамадан тыс әуестік;
• отбасылық жанжалдардың жиілеуі;
• қызығушылықтарының азаюы.
Бұл белгілер байқалған жағдайда маман көмегіне жүгіну ұсынылады.
Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты – ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас. Бос уақытты тиімді ұйымдастыру, ортақ ережелерді келісу, салауатты өмір салтын ұстану және ата-ананың жеке үлгісі маңызды рөл атқарады.
Жасөспірімді қауіптен қорғау – мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті. Махаббат, қолдау және түсіністік баланың ең сенімді қорғаны болып табылады.
#біртұтас_тәрбие#МектепЖиналысы


