31
декабрь
2021
Жарқыра, жайна Жаңа жыл - Тәуелсіз қазақ елінде
Шымкент қаласы білім басқармасының 2021 жылғы 30-қарашадағы №21-14/7264 хатына сәйкес, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Жарқыра, жайна Жаңа жыл - Тәуелсіз қазақ елінде» тақырыбында, ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес жыл сайын әр өңірден өткізілетін Президенттік шыршаға 9-13 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасыдан және ерекше білімді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларды қатыстыруды ұйымдастыру мақсатында мектебіміздің 6-сынып оқушысы ұсынылып, президенттік сыйлық табысталды. Білім басқармасынан кітап пен Президентіміздің Жаңа жылдық құттықтау хаты берілді.