Мектебімізде «Жаяу жүргінші – заңмен қорғалған» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға жолда жүру ережелері, жаяу жүргіншілердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Сонымен қатар жол белгілері мен қауіпсіздік шаралары жөнінде бейнематериалдар көрсетіліп, талқыланды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жол қозғалысы мәдениетін арттыру және өз қауіпсіздігін сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.