06
январь
2026
🎨 ҚОЛӨНЕР БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫ
5–6 сынып оқушыларымен өткізілді
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» бағыты бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес.
Қысқы демалысты тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған бұл шеберлік сабақтарының негізгі міндеті – 5–6 сынып оқушыларының
бос уақытын мазмұнды әрі пайдалы өткізу, шығармашылық қабілеттерін дамыту,еңбекке баулу және ұлттық қолөнерге қызығушылығын арттыру,заңды құрметтеу, тәртіп сақтау, адал азамат болып қалыптасуына ықпал ету.
Сабақ барысында оқушылар қолөнер бұйымдарын жасап, бірлесіп жұмыс істеу арқылы жауапкершілік пен тәртіптің маңызын түсінді.
Пайдалы демалыс – саналы ұрпақ кепілі!



