18
декабрь
2025
🇰🇿 16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай дебат сайысы өтті
Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес оқушылар арасында «Жастар үшін тәуелсіздік нені білдіреді?» тақырыбында танымдық әрі мазмұнды дебат сайысы ұйымдастырылды.
Дебат барысында қатысушы жастар тәуелсіздіктің маңызы, ел болашағындағы жастардың рөлі, азаматтық жауапкершілік, ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғамдағы еркін ойдың орны туралы өз көзқарастарын білдірді. Командалар өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, қарсы тараптың пікіріне сыни тұрғыда жауап бере алды.
Сайыс оқушылардың шешендік қабілетін дамытуға, логикалық ойлауына, өз ойын еркін әрі мәдениетті жеткізуіне, сондай-ақ елжандылық пен патриоттық сезімді нығайтуға зор ықпал етті.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан командалар мен оқушыларға алғыс білдіріліп, әділқазылар тарапынан мазмұнды пікірлер мен бағыт-бағдар берілді.
Тәуелсіздік – бабалар аманаты, ал оны сақтап, дамыту – бүгінгі жас ұрпақтың қасиетті міндеті.




