07
март
2025
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР.
Шымкент қаласы білім басқармасының “№134 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-і, “8 наурыз - Халықаралық әйелдер” мерекесі қарсаңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан және ұстаздардан, оқушылардан түрлі мақсатта ақша жинауға тыйым салынатындығы туралы ескертеді.
Мұғалімдерге материалдық сыйлықтар беру заңға қайшы болады.
Ұстаздар үшін ең құнды сыйлық – құрмет пен алғыс. Жылы сөздер, алғыс хаттар.
Мектеп әкімшілігінің сіздерге ұсынған мектептің ішкі тәртіп ережелерін құрметтеуге және қатаң сақтауға шақырамын.
Құрмет пен алғыс – ең үлкен сый. Мұғалімдер үшін оқушылардың жетістігі, ата-аналардың ризашылығы және мектеп ұжымының қолдауы кез -келген материалдық сыйлықтан әлдеқайда құнды.
Құрметті ата-аналар және әріптестер.
Біздің мақсатымыз-сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, өскелең ұрпақтың бойында шыншылдық пен патриоттық сезімді ояту, тұлға қалыптастыру.
Құрметпен,
№134 жалпы орта білім беретін мектеп директоры
Касжанов Асылбек Бейсенбекұлы.
