«Үйшік», «Шалқан» ертегілері көрсетілді. » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үйшік», «Шалқан» ертегілері көрсетілді.
06
январь
2026
0

«Үйшік», «Шалқан» ертегілері көрсетілді.

№134 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылардың қысқы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану жоспарына сәйкес 05.01.2025 күні ағылшын тілі бірлестігі бастауыш сынып оқушыларына қуыршақ театрын ұйымдастырды. Мектеп оқушыларына әлем әдебиетінің алтын туыдылар қатарына кіретін «Үйшік», «Шалқан» ертегілері көрсетілді.
 Мақсаты:
–  балаларды этикалық және эстетикалық көзқарасқа тәрбиелеу. 
–  саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең - тақпақ шумағын сахналау 
– қуыршақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін  дамыту, ынтасын арттыру және шығармашылық әрекетіне жол ашу. 
– балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді
Міндеттері:
 -оқушылардың ауызша сөйлеудегі коммуникативтік құзыреттілігін арттыру.
  -өзін-өзі көрсету және өзін-өзі тану, әлеуметтік тану қажеттілігін жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
Ұйымдастырылған мектеп театрына 7,8 cынып оқушылары қатыстырылды. Олар «Үйшік» және  «Шалқан» ертегісін қазақ тілінде сахналандырды. Әр қойылым 20 минуттан ұйымдастырылып, көрермен ретінде мектептің 4-5 сынып оқушылары мен мұғалімдері қатыстырылды. Өткізілген іс-шара оқушыларға өте қызықты болды, олардың ұлттық ертегілерге, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін нығайта түсті.
 Іс-шара соңында көрермен ретінде қатысқан оқушылар өз ойларымен бөлісті, өзара пікір алмасу жүзеге асты. Ертегілерді тамашалауға қатысқан мұғалімдер оқушыларға ыстық лебіздерін білдіріп, өз ойларымен бөлісіп, оқушыларды тағы да ынталандыра түсті.

















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив