07
июль
2024
Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы.
Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым ғой! Күні кешеге дейін әр үйдің төрінде ілулі тұратын ұлттық аспабымыздың күмбірлеген үні бүгінде алыстап бара жатқандай еді. Телеарналардан домбыраның дауысын есту мұңға айналғаны былай тұрсын (оның орнын салмақсыз бағдарламалардың жаулап алғаны шындық), шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, тілашар, беташарларымыз даңғырлаған эстарада әуеніне байланбады ма? Домбырамен әуелете шырқалып, тиесілі сыйлық иесін табатын «Тойбастар» дәстүрінің түр-сипаты мүлде өзгергеніне бәріміз куәміз. Құрметті қонақ келгенде «ауылдың алты ауызы» айтылып, «қонақкәдемен» жалғаса әнмен өрілетін отырыстар көзден бұл-бұл ұшқалған.Шілде айының алғашқы жексенбі 1-і күніне дөп келіп, сол күні елорданың "Қазақ Елі" монументі алдындағы алаңға жиналған 2 мыңнан астам музыканттан құралған домбырашылар оркестрі "Көңіл ашар", "Адай", "Балбырауын", "Ерке сылқым", "Сарыарқа" күйлерін орындаған еді. Міне сол уақыттан бері осы күн "ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮН" болып саналады.
Нағыз қазақ -қазақ емес
Нағыз қазақ -Домбыра
Домбыра аспабының қаншалықты қадірлі екенін Қадыр Мырза Әлі екі-ақ ауыз сөзбен осылайша түйіндейді.
Домбыраны халқымыз қасиетті, киелі санайды.