05
декабрь
2023
2023 жылы қараша айының 13-23 жұлдызы аралығында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті.
2023 жылы қараша айының 13-23 жұлдызы аралығында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болады. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілген әр түрлі тәрбиелік жұмыстармен ұштасады. Сол себепті биылғы оқу жылында апталықта бірнеше сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Барлық өткізілген іс-шараларға оқушылар жауапкершілік пен белсенді түрде қатысты. Атап айтар болсақ М. Әуезов тің "Абай жолы" романының бірінші томы бойынша 9-11 сынып оқушыларының арасында сайыс өткізілді. Әр тоқсанда бір-бір томнан сайыс өткізіліп, жыл соңында төрт томның жеңімпаздары анықталады. 16.11.23 ж. 6"А" сыныбында Абай Құнанбаевтың "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" тақырыбында Амитжанов Насирбек 17.11.23ж. 8 "А" сыныбымен М. Мөңкеұлының "Сарыарқа" өлеңінен Адилбеков Нұрланхан ашық сабақ өткізді. 20.11.23 жылы 9 -сыныптар арасында "Атадан қалған асыл сөз" тақырыбында шешендік сөздер бойынша Идирисова Қарашаш сайыс сабақ өткізді. 21.11.23 ж. "Абайдың қара сөзі-тәрбие көзі" тақырыбында мәнерлеп жатқа а йтуға жүлделі орынды Тұрсынқұл Жансая,Пернебек Інжу, Жантөре Жанира қыздарымыз иеленді. 23.11.23 ж. "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе...." тақырыбында 5"Ә"сыныбымен Жунусова Балгүл ашық тәрбие сағатын өткізді.