Еліміздің 10 өңіріндегі орын алып отырған төтенше жағдай – бәріміз үшін сын сағат. » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Еліміздің 10 өңіріндегі орын алып отырған төтенше жағдай – бәріміз үшін сын сағат.
08
апрель
2024
0

Еліміздің 10 өңіріндегі орын алып отырған төтенше жағдай – бәріміз үшін сын сағат.

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!!!
ҚЫМБАТТЫ АТА-АНАЛАР!!!
 Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде су тасқынынан орын алған ауыр жағдайға байланысты үндеуін жариялады.     
Еліміздің 10 өңіріндегі орын алып отырған төтенше жағдай – бәріміз үшін сын сағат. ❤️☺️
❤️❤️❤️📌📌📌Барша ұстаздар қауымы мен ата-аналарды Мемлекет басшысының халыққа үндеуін қолдауға шақырамын.
🇰🇿🤝Президент «Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді»- деп бәрімізге зор сенімін білдіргені әрқайсымыздың жүрегімізге жол тапты деп ойлаймын.
Қазір Үкімет, мемлекет су басудың салдарын жоюға бар күшін салуда. Президент зардап шеккен бірде-бір азаматтың назардан тыс қалмайтынын қадап айтты.
🤝🤝🤝❤️❤️❤️🇰🇿🇰🇿🇰🇿Елге басу айту, сабырға шақыру, мейірім көрсету, қолдан келгенше көмекке бару ұстазға тән ұлы қасиеттер!
Осы сын сәтте ұздардарымыз ел бірлігінің ұйытқысы болғаны абзал.         🤝🤝🤝🇰🇿🇰🇿🇰🇿Әр қазақстандық азамат ел басына түскен сын сағатта өз үлесін қолынан келгенше қосқанымыз абзал. Оның ішінде үй-жайынан, мал-мүлкінен шығынға ұшырап,  қиналып отырған отандастарымызға ұстаздар қауымының бірлік пен ынтымақты ту етер, сабырлыққа шақыратын, «Біз сіздермен біргеміз!» деген қолдауын,  үнін білдіру арқылы моральдық тұрғыдан сүйеу болуға шақырамыз. 
❤️❤️❤️❣️❣️❣️Адамзат баласының артықшылығы да осы – біртұтас жұдырықтай жұмылған күшке біріккен мейірімінде! ❤️📌🤝Сондықтан ақпарат таратуда болсын, қандай да бір көңілге тиер ауыр сөз айтпай, «болған іске болаттай берік», ерік-жігері мықты, бірлік пен ынтымағы, мейірім мен парасаты жоғары ел ретінде осындай қиын сәттерде  жұмыла білейік!❣️❣️❣️




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив