02
апрель
2026
«Ғажайып ертегілер әлемі» ертегі әлеміне саяхат.
«Ғажайып ертегілер әлемі» ертегі әлеміне саяхат.
«2 сәуір-Халықаралық балалар кітабы» күніне орай «Кітап ғажайып әлем» апталығы аясында №134 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасына бастауыш сынып оқушылары «Ғажайып ертегілер әлемі» ертегі әлеміне саяхат жасады.
Мақсаты: ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту, ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Кітапхана меңгерушісі «Ертегілер елінде» көрмеге шолу жасап, бүлдіршіндерге ертегілер оқып берді және сол ертегілер бойынша сұрақтар қойылды.
Ертегі — бұл сиқырлы әлем, баланы дамытады, дүниені қабылдауын кеңейтеді, оны елестетуге және әртүрлі кейіпкерлердің рөліне енуге үйретеді.
Оқушылар тартымды ертегі тыңдап, ертегілер әлеміне бірге саяхаттап шықты. Ертегі айта отырып балаларға дайын фантастикалық оқиға баяндалып, қиялға орын қалдырылды.
Бірге ертегі оқиық, өйткені ертегіге саяхат сізді қуаныш, тыныштық және махаббат аралдарына апарады. Ертегі – қиял әлемі ғана емес, ол бізді жақсылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді.