02
апрель
2025
📗ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ
№134 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір «Халықаралық -балалар кітабы» күніне орай «Білім кілті-кітапта» тақырыбында оқырмандар мен дөңгелек үстел өткізілді.
Оқырмандар дөңгелек үстелінің мақсаты:
• Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру;
• Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту;
• Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушының мәнерлеп өлең жаттау арқылы шығармашылық қабілеттері мен тіл байлығы дамиды.
Талап қыл артық білуге,
Артық білім кітап,-
деп Абай атамыз айтқандай ілім - білімнің сарқылмас қазынасын кітаптан аламыз. Адамзат баласының жер басып өмір сүрген уақытынан, бүгінгі күнге дейінгі басты үш құндылығы: білім, ғылым және өнер. Ал осы құндылықтардың қыр - сырын түсінуге қол ұшын беретін алуан түрлі жаңалықтарды ашуға апаратын бірден - бір жолдың ордасы – кітапхана.
2 сәуір Халықаралық -балалар кітабы күніне орай «Білім кілті-кітапта» тақырыбында оқушылар өздерінің оқыған кітаптарынан түсініктерін айтып берді.
Қымбатты оқушылар белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет!




