«Кітапхана-рухани білім ордасы» мектеп кітапханасына саяхат сабағы. » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітапхана-рухани білім ордасы» мектеп кітапханасына саяхат сабағы.
23
октябрь
2025
0

«Кітапхана-рухани білім ордасы» мектеп кітапханасына саяхат сабағы.

«Кітапхана-рухани білім ордасы» мектеп кітапханасына саяхат сабағы.
«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында  №134 жалпы орта білім беретін мектептің 1«ә» сынып оқушылары бүгін кітапханаға алғашқы қадамы, кітапханаға саяхат сабағы өтті. 
Мақсаты: 1 сынып оқушыларын кітапханамен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Оқушылардың кітапқа  деген қызығушылықтарын арттыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.
Кітап әлемінің табалдырығын аттаған-ақ кітапхана меңгерушісі  Э.Байбекова оқушыларды қарсы алып, кітапханамен таныстырды. Оқушылар кітапхана туралы және балаларға арналған әдебиеттер туралы кітапханашы апайдың айтқанын қызығушылықпен тыңдады.
Сынып жетекшісі Н.Досан оқушылардың кітапхананың оқу залдарында өздерін қалай ұстау керектігін, кітапты қалай пайдалану керек екенін және кітапты жыртпай кірлетпей, бүлдірмей таза, ұқыппен ұстау керек екенін айтып берді.
Іс-шара барысында оқушылардың назарына ертегі кітаптар, әдеби шығармалар және де тағы да басқа көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптар ұсынылды.
Оқушыларға кітапхана өте қатты ұнады. «Кітап-білім бұлағы, кітап-білімнің қайнар көзі».
Кітап оқу – тұлға биігіне баспалдақ! Кітап оқып оқушыларымыздың зейіні ашылсын! 


 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив