20
октябрь
2025
«Мәңгілік елге-кітаппен бірге» танымдық сағаты.
«Мәңгілік елге-кітаппен бірге» танымдық сағаты.
Мектеп кітапханасы «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында оқырман назарына «Мәңгілік елге-кітаппен бірге» тақырыбында танымдық сағатын өткізді.
Мақсаты: Жаңа кітаптармен оқырмандарды таныстырып, кітап оқуға баулу, мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту.
Жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау мақсатында «Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз» деп кітапхана меңгерушісі Э.К.Байбекова оқушыларға кітапхана қорындағы көрмеге қойылған көркем әдебиетпен таныстырып шықты.
Көрмеге тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін
дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды
адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар,
ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ- жаңылтпаштар, әртүрлі
ойындар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер қойылды.
Кітап-ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап-ақылдың кені. Кітап-бар білімнің бастауы. Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.
Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Одан ақыл – кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.
Оқушылар жаңа кітаптармен танысып, үйлеріне оқуға жаздырып алды.




