27
январь
2026
"ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ" ЖОБАСЫ
"ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ" ЖОБАСЫ
Мектебімізде 8-9 сынып оқушылары арасында «Бұл палата Жастар арасында патриотизм бар деп есептейді» тақырыбында дебат сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушылар өзекті әрі маңызды мәселені жан-жақты талқылап, өз көзқарастарын дәлелдермен қорғады.
Пікірсайыс жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың сыни ойлау қабілеті, шешендік өнері мен зерттеу дағдылары айқын көрінді. Сайыс қорытындысы бойынша Оппозиция тарапы жеңіске жетті.
Дебат сайысының төрешісі ретінде мектеп тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елубаев Абай ағайымыз қатысып, оқушылардың ой айту мәдениетіне, дәлел келтіру шеберлігіне жоғары баға берді.
Осындай дебаттық ойындар оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, өз пікірін сауатты әрі еркін жеткізуге, маңызды қоғамдық мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелейді.