10
декабрь
2025
“Бұл палата балаларға қандай мамандық таңдау қажеттігін ата-аналар шешуі тиіс деп есептейді” тақырыбында кең көлемді, мазмұнды дебат сайысы өтті.
Ұшқыр ой алаңы жобасы аясында мектебімізде
“Бұл палата балаларға қандай мамандық таңдау қажеттігін ата-аналар шешуі тиіс деп есептейді” тақырыбында кең көлемді, мазмұнды дебат сайысы өтті.
Бұл тақырып – қазіргі ата-ана мен бала арасындағы маңызды мәселелердің бірі. Сол себепті сайыс барысында екі тарап та өз ұстанымдарын жан-жақты дәлелдермен қорғап, аудиторияға ой салатын тұжырымдар ұсынды.
Үкімет жақ ата-ананың өмірлік тәжірибесі, баланың қабілетін ата-ананың жақсырақ тануы және болашаққа дұрыс бағыт беру қажеттігін алға тартты.
Ал Оппозиция тарабы баланың жеке қабілеті, қызығушылығы, еркін таңдауы және мамандықтың адам бақытына әсері туралы салмақты ой қозғады.
Дебат барысында:
• оқушылар өз ойын ашық айтып, пікірталас мәдениетін көрсетті;
• дәлел келтіру, қарсы уәж айту, аудиториямен байланыс орнату дағдыларын дамытты;
• өзара сыйластық пен командалық жұмыс айқын көрінді.
Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша достық жеңіске жетті. Бұл – екі тараптың да өз пікірін құрметпен жеткізіп, ортақ түсінік қалыптастыра алғанының белгісі.
Барлық қатысушыларға белсенділігі, батылдығы және ұшқыр ойлары үшін алғыс білдіреміз!
Осындай жобалар арқылы оқушыларымыздың сыни ойлау дағдысы, шешендігі, көшбасшылық қабілеті арта беретініне сенеміз.
Ұшқыр ойлар жолы жалғаса берсін! 



