📚 Мектепішілік дебат сайысы — “Бұл палата жекеменшік мектептерді жабады деп есептейді” тақырыбында » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📚 Мектепішілік дебат сайысы — “Бұл палата жекеменшік мектептерді жабады деп есептейді” тақырыбында
05
декабрь
2025
0

📚 Мектепішілік дебат сайысы — “Бұл палата жекеменшік мектептерді жабады деп есептейді” тақырыбында

📚 Мектепішілік дебат сайысы — “Бұл палата жекеменшік мектептерді жабады деп есептейді” тақырыбында
Бүгін 05.12.2025ж күні мектебімізде оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, көпшілік алдында еркін сөйлеу, өз пікірін дәлелдермен жеткізу дағдысын қалыптастыру мақсатында мектепішілік дебат турнирі өткізілді. Турнирдің қарастырған өзекті тақырыбы — “Бұл палата жекеменшік мектептерді жабады деп есептейді”.
Сайыс барысында екі тарап — Үкімет және Оппозиция — өз ұстанымдарын жан-жақты дәлелдеп, нақты деректер мен логикалық аргументтер арқылы пікірталас жүргізді.
Оқушылар жекеменшік мектептердің қоғамдағы рөлі, білім сапасына ықпалы, әлеуметтік теңдік мәселесі және мемлекеттік білім беру жүйесінің маңыздылығы жөнінде түрлі көзқарастарды ортаға салды.
Әсіресе, Оппозиция тарапынан айтылған ойлар өзектілігімен, дәлдігімен және сенімді дәлелдермен ерекшеленді. Олар жекеменшік мектептердің білім беру саласында бәсекелестік тудырып, сапаны арттыруға ықпал ететінін, ата-аналар таңдау құқығының маңызды екенін және балама білім беру моделінің қоғам үшін қажет екенін дәлелдеп шықты.
🔹 Нәтижесінде — Оппозиция тарапы жеңіске жетті! Қатысушылары Еламан Жасмин мен Айтқұл Бекарыс. 
Бұл жетістік — олардың жан-жақты дайындалып, өз ойларын анық, негізді және нақты жеткізе алғанының көрсеткіші.
Сайысқа қатысқан барлық оқушыларға белсенділігі мен ізденісі үшін алғыс айтамыз!
Дебат — тек сайыс емес, ол ойлауды үйрететін, тұлға қалыптастыратын үлкен мектеп. Біздің оқушылардың биік талпынысы мен білімге деген құлшынысы қуантады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 🎉👏
Алдағы сайыстарда да биіктен көріне беріңіздер!

















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив