📚 Дебат үйірмесінің кезекті сайысы өтті! » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📚 Дебат үйірмесінің кезекті сайысы өтті!
18
ноябрь
2025
0

📚 Дебат үйірмесінің кезекті сайысы өтті!

📚 Дебат үйірмесінің кезекті сайысы өтті!
Бүгін мектебімізде оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған қызықты мектепішілік дебат турнирі ұйымдастырылды.
💬 Тақырып: «Бұл палата ғаламтор кітап орны болады деп есептейді»
Оқушылар осы резолюцияны екі тарапқа бөлініп талқылап, интернеттің мүмкіндігі мен кітаптың құндылығын терең сараптады.
🔹 ҮҚ – Интернет кітаптың орнын баса алады, цифрландырудың артықшылықтарын дәлелдермен қорғады.
🔹 ҚҚ – Дәстүрлі кітаптың адам дамуына әсерін, оның ешқашан толық жоғалмайтынын айқын мысалдармен келтіріп, өз ұстанымдарын қорғады.
✨ Сайыс барысында қатысушылар өз пікірін нақты деректермен дәлелдеп, қарсы тараптың аргументтеріне сауатты жауап берді.
Бұл оқушылардың сөз мәдениетін, аналитикалық ойлауын, топ алдында еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыратын тамаша тәжірибе болды.
Үздік спикерлер жеке марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
📖 Осындай шаралар оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға үлкен үлес қосады.
 
















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив