15
декабрь
2025
10-сыныптар арасында дебат сайысы өтті
10-сыныптар арасында дебат сайысы өтті
Мектебімізде 10-сынып оқушылары арасында «Бұл палата адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты қолдайды» тақырыбында дебат сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушылар қоғам үшін өзекті әрі маңызды мәселені жан-жақты талқылап, өз көзқарастарын дәлелдермен қорғады.
Үкімет тарапы адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты мемлекет деңгейінде қолдау қажет деген позицияны ұстанып, бұл бастаманың адам өмірін сақтаудағы маңызына, медицинаның дамуына және гуманистік құндылықтарға қосар үлесіне ерекше тоқталды. Қарсы тарап та өз уәждерін нақты мысалдармен жеткізе білді.
Пікірсайыс жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың сыни ойлау қабілеті, шешендік өнері мен зерттеу дағдылары айқын көрінді. Сайыс қорытындысы бойынша Үкімет тарапы жеңіске жетті.
Дебат сайысының төрешісі ретінде мектеп директоры қатысып, оқушылардың ой айту мәдениетіне, дәлел келтіру шеберлігіне жоғары баға берді.
Осындай дебаттық ойындар оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, өз пікірін сауатты әрі еркін жеткізуге, маңызды қоғамдық мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелейді.




