17
март
2025
ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ ЖОБАСЫ
ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ ЖОБАСЫ
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты N134 жалпы орта білім беретін мектебінде ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ ЖОБАСЫ аясында 7,8,9- сыныптар арасында “ЖАСТАР ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ” атты тақырыпқа оқушылар арасында пікірсайыс өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға, жұрт алдында сөйлеу қабілетін дамытуға, өмірлік құндылықтарды саналы түрде қалыптастыруды үйрету.
Пікірсайыстың өту барысы:
Тақырыптың төңірегінде жақтаушы топ Үкімет тарапы өз ойларын жақтап және даттаушы топ Оппозиция үкімет тобына қарсы шығып, өз позицияларын қорғады. Жақтаушы топтың белсенді мүшесі Ұлжан «Білім көзі – кітапта, интернет– бүкіләлемдік өрмек. Қазіргі кезде технологияның қарқынды дамуымен көп жастар өздеріне қажетті материалдарын интернеттен алып пайдалануда. Алайда интернет көзі кітапты алмастыра алмайды деп ойлаймын. Себебі, кітап рухани жан азығын іздеуші жандардың әрқашан серігі болып қала береді», - деп өз ойын білдірді. Ал даттаушы топтың белсендісі Жасмин «Ал мен интернетті қалаймын. Себебі, интернет қолжетімді. Кез келген интернет клубқа барып керек сабақтарың болса, интернетке барып тауып алуға болады. Сол үшін интернет дұрыс, деп санаймын» деп қарсы пікірін білдірді. Екі тараптың спикерлері нақты дәлелдер келтіре отырып, тақырыпты кең ауқымда талқылады. Сарапшылар да өз әділ бағасын берді.

