21
ноябрь
2025
📚 Мектепте дебат сайысы өтті!
Бүгін мектебімізде оқушылардың сыни ойлауын, шешендік қабілетін және өз пікірін дәлелдеп жеткізу дағдысын дамытуға бағытталған дебат турнирінің келесі кезеңі ұйымдастырылды.
Сайыс екі өзекті тақырып бойынша өтті:
Оқушылар Интернеттің оқу процесіне әкелетін мүмкіндіктерін – ақпаратқа қолжетімділік, цифрлық ресурстардың көптігі, онлайн платформалардың тиімділігін талқылады.
Қарсы тарап Интернеттің теріс әсерлері – жалған ақпарат, киберқауіпсіздік мәселелері, тәуелділік, уақыттың тиімсіз жұмсалуы туралы салмақты пікірлер ұсынды.
Бұл раундта оқушылар мемлекеттік қызметтің тұрақтылығы, әлеуметтік пакет, қоғамға қызмет ету мүмкіндіктерін атап өтсе, екінші тарап жеке сектордағы еркіндік, жоғары жалақы мүмкіндігі және кәсіби өсу қарқыны туралы өз дәлелдерін келтірді.
Сайыс жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың белсенділігі мен дайындығы ерекше байқалды.
Осындай іс-шаралар арқылы біз ойы анық, дәлелі нақты, белсенді азамат тәрбиелеуге үлес қосамыз.





