

Наурызнама онкүндігі аясында №134 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мерекелік тәрбие сағаты салтанатты түрде аталып өтті. Наурыз мерекесін мектебіміздің 3"Ә", 6 "А", 8 "Ә"-сынып жетекшілері оқушыларымен бірге өткізді. Бұл көктем мерекесі – қазақ халқының береке мен бірлігін, ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптейтін маңызды мерекелердің бірі.


Мерекелік кешке мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар белсене қатысты. Тәрбие сағатта қазақтың салт- дәстүрлерін де ұмыт қалдырған жоқ. Соның ішінде баланы бесікке салу рәсімін оқушылар орындап, көрініс қойды. Әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер тамашаланды.


Наурыз – жаңару мен жаңа бастамалардың мерекесі! Бұл күн – табиғаттың ғана емес, адам жанының да жаңғыру кезеңі. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған бұл мереке барша жұртқа ынтымақ пен молшылық, береке мен бірлік алып әкелсін!


Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен береке еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.