N134 жалпы орта білім беретін мектебінде Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында "НАУРЫЗНАМА" онкүндігіне сәйкес 19 наурыз -Жаңару күні болып саналады.
Бүгін 19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда.
Бүгін – Жаңару күні. Өткенді қайта қарап, болашаққа жоспар құру кезеңі. Наурызнамаға енгізілген бұл атаулы күнді биыл көктемгі ағаш, гүлдер егу дәстүрімен бастау алды. Мерекеге орай, еліміздің әр түкпірінде түрлі шара өткізілуде.
Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналды.
Қазақстан үшін Наурыз мейрамы тек қуанышты тойлау ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың уақыты.
Бүгін ел аумағында отырғызылған ағаштардың жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар, алға қойған мақсаттар жемісін беріп, өркендеуге жетелейді.
Жыл сайын 19 наурызда жаппай ағаш отырғызу дәстүрі Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді.
Шымкент қаласы N134 мектептің оқушылары мектебіміздің көркеюіне өз үлесін қосуда.