01
февраль
2025
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
N134 жалпы орта білім беретін мектебінде 30.01.25 ж күні ата аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 2024-2025 оқу жылының І- ші жарты жылдық есебі . Мектеп директоры А. Б. Касжанов
2. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, суицидке жол бермеу, зорлық-зомбылықтың , әлімжеттіктің алдын алу бойынша ДТЖЖО
А. А. Елубаев
3. «Ата аналарды педагогикалық қолдау» орталығының атқарған жұмысы жөнінде. ДТЖЖО Ж. С. Жаштаева
4. Ағымдағы мәселелер
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры
А. Б. Касжанов 2024-2025 оқу жылының І- ші жарты жылдық қорытындысы бойыншы баяндама жасады.
Екінші мәселе бойынша ДТЖЖО А. А. Елубаев құқықбұзушылықтың оқушылар арасында жиі орын алып жатқаны туралы айтты. Ата-аналарға балаларын жауапкершілікпен қарау керектігі айтылды.
Мектебімізде кәмелет жасына толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіледі. Ата-аналарға балаларына жолда жүру ережесін күнделікті айтып отыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігін айту тапсырылды. Нашақорлықтың, суицидке жол бермеу, зорлық-зомбылықтың , әлімжеттік, және интернет алаяқтық қылмыстарын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады.
Үшінші мәселе «Ата аналарды педагогикалық қолдау» орталығының атқарған жұмыстары жөнінде ДТЖЖО Ж.С. Жаштаева баяндама жасады. АПҚО мақсат, міндеттерімен таныстырып, жоспар бойынша атақарылып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.
Жиналыстың екінші бөлімінде әрбір сынып жетеші мен пән мұғаліміне ата-аналар жеке-жеке жолығып баласы туралы мәселе қозғады. Ата аналар баласының білімі, тәртібі, басқа оқушылармен қарым-қатынасы т.б. сұрақтарына жауап алды.




