18
март
2025
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ, НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ, СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ, НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ,
СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ
№134 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, суицидке жол бермеу, ерте жүктіліктің, адам саудасының, зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлімжеттік, буллинг, кибербуллинг» алдын алу тақырыптарында 7-11 сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарының жиналысы өткізілді.
Жиналысқа мектеп директоры А.Б.Касжанов,
Шымкент ҚПД Еңбекші АПБЖПҚ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Б.О.Сапарбек,
Еңбекші аудан әкімі аппаратының бас маманы Р.М. Ирисбекова, А.С. Пушкин атындағы
қалалық әмбебап кітапхананың
меңгерушісі Р.Д.Теңлібаева , Дін істер басқармасы ДМЗО теолог маманы А.Д.Шамуратов, Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы №10 күрес түрлерінен олипиада резервін даярлайтын мамандандырылған спорт мектебінің директордың орынбасары Ғ.Ақмұрат, мектеп әдіскері Н.Қасымов қатысты.
7-11 сынып оқушылар.
1. Мектеп директоры А.Б.Касжанов сөз алып, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша оқушыларды хабардар етіп, ол өз сөзінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықбұзушылық іс-әрекеттерінің алдын-алу, зорлық-зомбылық болдырмау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, оқиға орын алған жағдайда мектеп психологына, полицияға хабарласу керек екендігін ескертті.
2. Еңбекші аудан әкімі аппаратының бас маманы Р.М. Ирисбекова сөз алып, оқушыларға мектеп уақытында мектептің жауапкершілігінде, мектептен тыс уақытта ата-аналарының жауапкершілігінде болатынын және кешкі мезгілде балалар заңды өкілдерінсіз көше және мекемелерде жүруге тыйым салынатындығы, рейд жүргізілген жағдайда ұсталған оқушылардың ата-аналарына айып пұл салынатындығы ескертілді.
3. Шымкент ҚПД Еңбекші АПБЖПҚ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Б.О.Сапарбек сөз алып, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда барлық мүдделі органдармен бірігіп профилактикалық рейдтер ұйымдастырылып, жиі рейд жұмыстары жүргізілетіні туралы айтып өтті.
4. Дін істер басқармасы ДМЗО теолог А.Д.Шамуратов сөз алып, Қазақстанда 20-дан астам экстремистік топтар мен лаңкестік ұйымдарға тыйым салынған. Олар сот шешімімен қауіпті деп танылып, ондай топтармен қарсы күресті құқық қорғау органдары жүзеге асырады. Сарапшының мәлімдеуінше, 2022 жылғы "Діни экстремизммен күрес" бағдарламасында теологтарға бірнеше міндеттер жүктелгені туралы айтып өтті. Өйткені бағдарлама бойынша, шаралардың басым бөлігі ақпараттық және түсіндіру-оңалту жұмыстарына арналған. Теологтардың екі міндеті бар: бірі – түсіндіру жұмысы, екіншісі – оңалту шаралары. Сонымен қатар кез-келген маманнан діни сабақ алудың дұрыс емес екендігі, тек мешіт қызметкерлерінің мамандарынан сабақ алу керек екендігі туралы айтып өтті.
5. Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы №10 күрес түрлерінен олипиада резервін даярлайтын мамандандырылған спорт мектебінің директордың орынбасары Ғ.Ақмұратов сөз алып, спорттың адам өмірінде, жалпы қоғамда алатын орны орасаң зор. Спортпен айналысқан адам тек шымыр болып қана қоймай, денсаулығы мықты, сымбатты болары сөзсіз.
Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін. Сонымен қатар жетістікке жету жолында аянбай еңбек етіп, тер төгулерің қажет деп сөзін қорытындылады.
Шешім:
1. Оқушы тәртібін ата-анаға дер кезінде хабарлау іске асырылсын. Түнгі уақытта беймезгіл көшеге шығу, қыдыру қатаң бақылауға алынсын.
2. Мектептің ішкі тәртіп ережесі ескере отырып, мектеп формасы сақталсын.
3 Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары үнемі ұйымдастырылып, өз дәрежесінде сапалы өткізілсін.
4 Оқушыларды спорттық үйірмелерге тарту жұмыстары ұдайы жүргізілсін.





