«Ұлт аралық татулық», «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұлт аралық татулық», «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік»
25
ноябрь
2022
0

«Ұлт аралық татулық», «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік»

Еңбекші ауданында 2022 жылдың 2-ші жартыжылдық кәмелетке толмағандар  арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу,  қыздар арасындағы ертежүктіліктің, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасымен кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттердің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу және «Ырыс алды ынтымақ», «Ұлт аралық татулық», «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» жасөспірімдердің спортқа, өнерге, мәдениетке қызығушылығын арттыру мақсатында спорт шеберлерімен, өнер, мәдениет майталмандармен кездесу өткізілді. 
Еңбекші аудан әкімі аппаратының бас маманы Шапалаева Сауле Махматалиевна сөз алып, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, қылмыстың, зорлық зомбылықтың, нашақорлықтың, өз-өзіне қол жұмсаудың, кибербулингтің, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасымен кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттердің, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында   8-11 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кәмелет жасына  толмағандар арасында тәртіп бұзушылық болдырмау мақсатында  ювеналды полиция Е.Шораев  қатысып, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, түсінік жұмыстарын жүргізе келіп, әкімшілік жауапкершілікке азамат әкімшілік заң бұзушылық туралы кодексте көрсетілген баптармен таныстырды. 
Спорт мектебі ШВСМ психологы Айтжанова Гульнара Турмахановна сөз алып, Суицидті болжай аласың ба? Мұны болдырмаудың жолы бар ма? Деген сұрақтарға психолог Айтжанова  өте керемет түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.
 Қалалық спорт мектебінің директордың тәрбие жұмысы жөніндігі орынбасары Почивалов Владимир Владимирович сөз алып, спорт денсау кепілі деп бекер айтылмаған. Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше.
Психикалық денсаулық орталығының дәрігері Садыкова Майра Бейсенбекқызы сөз алып, Есірткіні тұтынушылардың жеке басы мен өмір салтының деформациялануы жасөспірімдер арасындағы жақын әлеуметтік іріткі салумен бірге қоршаған ортадағы әлеуметтік қатынастардың деструктивтілігін тудырады. Және жастардың басқа адамдармен, әлеуметтік топтармен өзара ісқимылы және қарым-қатынасын бұзады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив