АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
09
сентябрь
2024
0

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ 
✅№134 жалпы орта білім беретін мектебінде 06.09.24 Ж күні   ата аналар жиналысы өткізілді.      
     Қаралатын мәселелер 
1. Өткен оқу жылының есебі (А. Сапарова, А. Елубаев)
2.  Мектеп жарғысын қабылдау 
3.  Ата-аналар комитетінің төрағасын сайлау. 
4. Құқықбұзушылықтың алдын алу. 
5. Әртүрлі мәселелер. 
Мектеп директоры А. Б. Касжанов  2024-2025 жаңа оқу жылымен құттықтады.                            ДОІЖО  А.Сапарова өткен оқу жылының есебін берді. Әлеуметтік топтағы оқушыларға мемлекет тарапынан бөлінген қаражат туралы айтты. Мектепте жалпы оқушылар саны айтылды. А. Елубаев Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген іс- шаралардың есебін беріп, биылғы оқу жылының ерекшеліктерін айтты.  
      Жиналған ата-аналар мен бірлесе отырып 2024-2025 оқу жылының ата- аналар комитетінің төрағасын сайлау керектігі жайлы айтылды. Барлық ата-аналар бірауыздан бірлесе отырып ӘБДЕШЕВА АРМАН ЖҰМАХАНҚЫЗЫ сайланды. 
  Құқықбұзушылықтың оқушылар арасынтаңда жиі орын алып жатқаны туралы айтылды. Ата-аналарға балаларын жауапкершілікпен қарау керектігі берілді. Кенжаев Онгар Бердияровичте сөз алып, бала тәрбиесіне, жол қауіпсіздігіне аса көңіл аударуларын ата-аналарға ескертті. жолда жүру қауіпсіздігі жайлы айтылды. Мектеп оқушыларының мопедпен келіп жүргендігі жайлы айтылды. Қазіргі таңда мопедпен қала ішінде көптеген жол апаттары орын алып жатқандығын айтты.Мектепке мопедпен бармау жөнінде ата-аналарға ескертілді. 
     Кәмелет жасқа толмаған оқушылар жүргізуші куәлігі болмаған жағдайда,  мопед айдайтын болса ата-анасы айып пұл төлейтін болады деген заңды ата аналарға таныстырылды.  Ата-аналарға балаларына жолда жүру ережесін күнделікті айтып отыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігін айту тапсырылды. 
     Мектебіміздің жетістіктері көп болсын ата-аналар өз тілектерін білдірді. 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив