21
ноябрь
2022
Қ.Тоқаев:
Қ.Тоқаев:
- Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Мен өскелең ұрпақтың сапалы білім, өнегелі тәрбие алуына баса мән беремін. Мемлекеттік аппаратқа зерек, озық ойлы жастардың келуі өте маңызды. Олар елімізді алға бастайды. Сондықтан жастарға барлық жағдай жасалады. Мен өзім Президент ретінде жастарға барлық жағдай жасаймын. Кадрларды жаңарту – уақыт талабы. Бұл қадам бүкіл мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырады.
Жаңа кадрлар жемқорлықпен күреске тың серпін береді. Мағжан Жұмабаев айтқандай, мен жастарға сенемін! Мемлекеттің нағыз иесі де, киесі де – халық. Бұл туралы Ата заңымызда нақты жазылған. Сондықтан, кез келген басшы халықтың, тарихтың және ар-ұжданының алдында жауапты екенін ұмытпауы керек.