04
ноябрь
2022
МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫ—МҰҒАЛІМ
МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫ—МҰҒАЛІМ
Үгіт-насихат жұмыстары бүгін С.Ерубаев атындағы №24 IT лицейінде жалғасты. ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері Жартыбекова Гүлжайна, Зәуре Оралбаева, Сұлтанғали Қуандық, Сүлейменов Қайрат білім ұясының ұстаздарына сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Саяси науқанның маңыздылығына тоқталған қалалық қоғамдық штаб мүшелері жиынға қатысқандардың ұсыныс-пікірлерін де тыңдады.
-Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біздің күшіміз - бірлікте. Біз біріксек алынбайтын қамал жоқ екенін кешегі Қостанай өңірін өрт шалған уақытта бүкіл ел болып іспен көрсете білдік. Президент Сайлауалды бағдарламасында орта білімге ерекше көңіл бөлуде. Алдағы жылдары балаларымыз заманауи робототехника, химия, биология және физика кабинеттерінде оқи алады. Бүкіл ел бойынша осындай 7000 кабинет ашылады. Мұғалімдер білім алушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру үшін оқытудың жаңа инновациялық әдістерін қолданатын болады, - деді штаб мүшесі Қуандық Сұлтанғали.
Мектеп ұжымы өз кезегінде мемлекет басшысының бастамаларын, реформаларын қолдайтындарын білдіріп, сайлауда кандидатты қолдап дауыс беретіндерін жеткізді.



