АҚ ЖЕЛЕҢДІ АБЗАЛ ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ. » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АҚ ЖЕЛЕҢДІ АБЗАЛ ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ.
04
ноябрь
2022
0

АҚ ЖЕЛЕҢДІ АБЗАЛ ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ.

АҚ ЖЕЛЕҢДІ АБЗАЛ ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ.
 Мемлекет азаматтардың денсаулығына тікелей жауапты. Денсаулық сақтау саласындағы сапалы өзгерістер үшін 2027 жылы қаржыландыру деңгейі ЖІӨ-нің кемінде 5% құрайтын саланы дамытудың тұрақты моделі құрылады.Сонымен қатар, кәсіби кадрларды даярлау және профилактикалық жұмыс күшейтілетін болады. Ауыл медицинасын қалпына келтіреміз, сапалы медициналық көмек әр қалада, аудан орталығында, ірі ауылда көрсетілетін болады. Осы және өзге де маңызды мәселелер туралы ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері қалалық №7 ауруханада өткен кездесуде кеңінен айттық. Штаб мүшелері Гүлнар Құрманбекова, Байкен Аширбаев, Гүлжайна Жартыбековамен бірге Денсаулық сақтау саласының мамандарына кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы туралы кеңінен ақпарат бердік.
 «Ішкі нарықтағы отандық дәрілік зат өндірісінің үлесін 50 пайызға дейін ұлғайтамыз.
Балалар онкологиясы мен гематологиясы ұлттық орталығын ашамыз, онкологиялық қызметті кешенді түрде жаңғыртуды жүзеге асырамыз, заманауи перинаталдық орталықтарының желісін құрамыз. Уақтылы көмек көрсету үшін бірыңғай консультативтік инсульт орталығын іске қосамыз» деді өз сөзімде.
 Дәрігерлер мен медқызметкерлер алдағы сайлауда Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтындарын бір ауыздан жеткіздік.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив