15
ноябрь
2022
ДӘСТҮР МЕН ҒҰРЫП ЖОБАСЫ:
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 15.11.2022 ж күні ұттық тәрбие бағыты бойынша ДӘСТҮР МЕН ҒҰРЫП ЖОБАСЫ: аясында 15 қараша- Ұлттық валюта күні «Теңге-мемлекет келбеті» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, туған және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, этносына және Қазақстан Республикасындағы этникалық топтарға құрмет көрсету.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді. 1997 жылдан бері Елбасының жарлығымен 15 қараша – валюта күні әрі қаржыгерлер күні деп белгіленген. Ескі үлгідегі ақ¬¬ша¬лар¬ды Қазақстанның жаңа теңгесіне айыр¬бастау 20 қараша күні аяқталды. Айналымнан жалпы сомасы 950 миллиард рубль алынып тасталды. Ұлттық валюта ұлттық экономикамыздың іргетасын қалауға ықпал етті. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.


