30
сентябрь
2022
Мұғалімдер күніне орай оқушылар іс шарасы
ҚР оқу – ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының 2022 жылдың 24 тамыздағы №15-53/328 хатына және Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының 05.09.2022ж. №1170 бұйрығына сәйкес мұғалімдер күні қарсаңында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде «Дублер күні» ұйымдастырылды.
Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
Жоспарға сай 30.09.2022ж. күні “Мектеп парламенті” мен "Өзін-өзі басқару" ұйымының мүшелері және мектептің жоғары (9,10,11) сынып оқушылары мұғалімдер орнын алмастырып, өздерінің мұғаліммен бірлесе отырып дайындаған сабақ жоспарларына сай сабақ өткізді. Бұл өз кезегінде оқушылардың бойындағы шығармашылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етті.






