12 МАМЫР АНАЛАР КҮНІ » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
май
2024
0

12 МАМЫР АНАЛАР КҮНІ

12 МАМЫР АНАЛАР КҮНІ 
      Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.
      √134 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің √03-23/2011хатына сәйкес 12 мамыр "Аналар мерекесіне"орай мектебімізде сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауына бастауыш сынып оқушылары қатысты.Оқушылар өз аналарына  және отбасыларының суреттерін салды. 
      Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана.  Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. 















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив