02
февраль
2024
«Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер. Балаға үлгі көрсету»
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жылдық жұмыс жоспарына сәйкес
31.01.2024ж күні «Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер. Балаға үлгі көрсету» тақырыбында 10 "А" сынып жетекшісі Г. Сайдахметова ата-аналармен тренинг- сабақ өткізіді.
Мақсаты: ата-ананың өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысының шарты ретінде балаға жағымды үлгі болуға дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Ата-ананың балаға деген оң әсерінің мәнін ашу
2. Ата ананың отбасында балаға үлгі болу дағдыларын дамыту
3. Баламен ынтымақтаса отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға ынталандыру.
Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер:
Ұлттық мәдениет, әділдік, сүйіспеншілік, сыйластық, денсаулық, ар-ождан, борыш.
Жауапкершілік, еркіндік, адалдық, еңбексүйгіштік, ақылдылық, азаматтық, отаншылдық, сөзге беріктік.




