НВП жайлы бірер ой… » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » НВП жайлы бірер ой…
08
май
2024
0

НВП жайлы бірер ой…

НВП жайлы бірер ой…
Мерекелік күнді пайдаланып баламыз екеуіміз “НВП ағай” киносына бардық. Киноны көруге кеңес берген баламның НВП ағайы👍. Барлық НВП ағайлар көріңіздер. Жалпы, тек НВП ағайлар емес, басқа мұғалімдер де көрсе, көп сабақ алуға болады. Нағыз, шынайы мұғалімнің бейнесі сомдалған. 
Білім саласында осы НВП қажет пе, қажет емес пе, мүмкін алып тастау керек шығар деген ойлар жиі айтылып жатады. Жалпы “қажет, қажет емес” деп айтуға негіз болатын- сол сабақты жүргізетін мұғалімнің әрекетіне байланысты дер едім. 
Білімді, өз пәнінің кәсіби маманы, оқыту методикасы мықты, қажеттілікке сай әртүрлі әдістерді шебер пайдалана білетін, үнемі ізденімпаз, 45 минуттық сабағын түрлендіре өткізе алатын, ең бастысы - баланы жақсы көретін, оған білім мен тәрбиені өзі үлгі бола отырып бере білетін мұғалімдер аз емес. Міне, осындай мұғалім сабақ беретін жерде “қажет емес” деп ешкім айтқанды қойып, ойламайды да.
Жалпы мектепте бүгінгі күні керек емес сабақ жоқ. Бәрі де керек. Тек мұғалім шынайы болуы керек. Бұл жерде мұғалім кінәлі емес,  “шынайы емес диплом” кінәлі деп ойлаймын. Сала солардан арылуы керек. Мүмкін кейбіреулер қателескенін ойламай “сатып алған болар”(басқа сөз іздеп таппадым), олай болған болса, жылдамырақ оны пайдаланудан бас тарту керек шығар…
Білім сапалы болуы үшін академиялық адалдық керек, ол адамның өз бойында болмаса, оны балаға қалай дарытуға болады? 
Бірақ мектептерімізде шынайы мұғалім, шынайы диплом, өз ісінің нағыз кәсіби мамандары басымырақ! 
Фильмді көріңіздер! Керемет түсірілген! Кино біткен соң залдың басым көпшілігі,  шамамен 8-11 сынып оқушылары, ұзақ қол соғып, шын ризашылықтарын білдірді. Кинодағы НВП ағай балаларға қатты ұнады.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив