«ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!» ЧЕЛЛЕНДЖІ » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!» ЧЕЛЛЕНДЖІ
01
октябрь
2023
0

«ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!» ЧЕЛЛЕНДЖІ

«ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!» ЧЕЛЛЕНДЖІ
Құрметті әріптестер, менің қадірлі ұстаздарым! 
Биыл ресми түрде бекітілген төл мерекеміз – Мұғалімдер күні баршамызға құтты болсын. Осы мереке қарсаңында өзімнің аяулы ұстаздарым жайлы естеліктеріммен бөліскім келеді. Ең алдымен Хәкім Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» қағидасын бойыма әбден сіңірген, өмірлік ұстаздарым  - ата-анама алғыс айтқым келеді.  Ең алғаш Амангелді орта мектебінде тәлім алдым. Сол білім ұясын оқушыға деген махаббатымен зәулім әрі жарық еткен ұстаздарымды әрдайым құрметпен еске аламын. Әсіресе алғаш «Әліппемен» таныстырып, сауатымызды ашқан Сүйкімбаева Жамила апайыма мың тағзым етемін. 5-9 сыныпты Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатында оқыдым. Ол жерде бізді өз алақанына алған Тауекелова Сагила Тауекеловна апайымыз да жадымызда. Әуелде қатал көрінгенмен, қамқоршы болған ұстазымыздың жақсылықтарын бала көңіл қайтіп ұмытсын?! Одан кейінгі қызық та ең қиын кезең, бозбала сәтімізде тәлімі мен тәрбиесін көрген сынып жетекшіміз Қабжанов Қабдеш ағайымызды ұмыту тіпті де мүмкін емес. Менің осы ұлағатты жолды таңдауыма ұстаздарымның тәлімі түрткі болғаны сөзсіз. Бүгінгі күнгі дәрежеге жетуіме ұстаздарымның қосқан үлесі зор. 
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында тынымсыз еңбектеніп, ағартушылық қызметті абыроймен атқарып жүрген және зейнет демалысындағы педагогтер қауымына шынайы ризашылығымды білдіре отыра, әрқайсыларыңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіздер, мерейлеріңіз үстем болсын!
Кәсіби мерекемізге орай, барша қазақстандықтарға және Ауесхан Мауленов , Жанна Султаналиева , Жанар Жаштаева  әріптестеріме «Ұстазым менің, ұстазым!» атты челленж жолдаймын. Аяулы ұстаздарыңыз жайлы жылы лебіздеріңізді білдіріп,естеліктеріңізбен бөлісіңіздер.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив