04
сентябрь
2023
ЖОЛДАУ-ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ!
ЖОЛДАУ-ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы болды. №134 жалпы орта білім беретін мектеп қызметкерлері жолдауды бірге тыңдады. Мемлекет басшысының бұл жолғы жолдауы 1 қыркүйек – білім күнімен тұспа-тұс келді. Президент Қазақстан халқын “Білім күні” мерекесімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінде көптеген әлеуметтік мәселе шешімін тауып жатқандығын атап өтіп, білім саласына да тоқталып өтті.
Орта білімнің сапасы-табысты ұлт болудың тағы бір шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Сол үшін “Жайлы мектеп” жобасы қолға алынғанын атап өтті.
2025 жылға дейін 800 мыңдай баланың заманауи мектепте білім алатынын, жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескере отырып, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейтудің маңызды екенін айтып, білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сенімді қадам басатынын, біздің күшіміз-жастардың білімінде екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы жолдау соңында елімізді бірге өркендетіп, Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.


