17
май
2026
“Отбасыммен өткен бір күн!” атты челленж ұйымдастырылды.
№134 жалпы орта мектебі ұжымында Халықаралық отбасы күніне орай “Отбасыммен өткен бір күн!” атты челленж ұйымдастырылды.
Челленждің мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және бірге өткізген сәттердің маңызын насихаттау.
Қатысушылар отбасымен бірге өткен қызықты әрі әсерлі сәттерімен бөлісіп, жылы естеліктерін ұсынды. Бірлік пен сыйластықты арттырған бұл челленж барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

