30
январь
2026
“Бала – біздің болашағымыз”
Мектебімізде дене шынықтыру пәні аясында “Бала – біздің болашағымыз” тақырыбында 5-сынып оқушылары арасында эстафеталық жарыс өткізілді. Жарыстың негізгі мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, ептілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеді. Командалар жеңіске жету үшін бар күш-жігерлерін салып, спорттық тәртіп пен әділ бәсекені сақтады. Көрермендер ретінде қатысқан сыныптастары да қатысушыларды қолдап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға спортқа деген сүйіспеншілігі мен белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірілді.
Өткізілген эстафеталық жарыс оқушылардың дене дайындығын арттырып қана қоймай, олардың достық қарым-қатынасын нығайтып, салауатты өмір салтын ұстануға үлкен ықпал етті.



