19
май
2026
4-сыныптардың ұйымдастыруымен "Аттандық, бала шақтан болашаққа" атты концерттік бағдарлама өткізілді.
Аттандық, бала шақтан болашаққа!
Жоспарға сәйкес 19-мамыр күні №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 4-сыныптардың ұйымдастыруымен "Аттандық, бала шақтан болашаққа" атты концерттік бағдарлама өткізілді. Мақсаты:
1. Оқушылар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту;
2. Мектеп, мұғалім, ата-ана арасында байланыс орнату;
3. Оқушыларды сахна мәдениетіне баулу;
4. Сөйлеу мәнерін дамыту, этикалық және эстетикалық мәдениетін қалыптастыру;
5. Оқушыларды шығармашылыққа баулу т.б
Міндеті – оқушылардың бастауыш сыныпта алған білімдерін қорытындылап, ұстаздарға алғыс білдіру және оқушыларды орта буынға салтанатты түрде шығарып салу.
Мерекелік кеш барысында оқушылар ән айтып, би биледі. Сонымен қатар, бастауыш сыныптағы қызықты сәттер еске алынып, түрлі бағдарламалар ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің ұстаздарына жүрекжарды тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.
Іс-шараға ата-аналар мен мұғалімдер қатысып, оқушыларға жылы лебіздерін арнады. Кеш соңында мектеп әкімшілігі белсенді ата-аналарды марапаттап, барлық түлектерге сәттілік тіледі.
«Бастауышпен қоштасу» кеші көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, оқушыларға ерекше әсер сыйлады.



