18
апрель
2025
ЕСІРТКІ-ҒАСЫР ІНДЕТІ
ЕСІРТКІ-ҒАСЫР ІНДЕТІ
Қазіргі заманда бүкіл әлемді алаңдатып отырған күрделі мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік. Бұл – тек жеке адамды ғана емес, бүкіл қоғамды улайтын індет. Есірткі қолдану адамның денсаулығын әлсіретіп, оның өмір сүру сапасын төмендетеді, рухани және физикалық құлдырауға алып келеді.
Есірткіге тәуелділік – көбінесе жастардың өміріне балта шабатын қатерлі жол. Олар бір сәттік қызығушылықпен немесе орта қысымына шыдамай, өз өмірлерін қауіпке тігеді. Бұл індетпен күресу үшін отбасы, мектеп, қоғам бірлесіп әрекет етуі қажет.
Мемлекет тарапынан түрлі алдын алу шаралары, ақпараттық бағдарламалар жүргізіліп жатыр. Бірақ ең маңыздысы – әр адамның ішкі санасы мен таңдауы. Таза өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, пайдалы іспен шұғылдану – есірткіден сақтайтын басты жолдар.
Есірткіге жол жоқ! Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел болашағы. Сол себепті әрбір жас өз болашағына жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болғаны жөн!