15
май
2025
«Репродуктивті денсаулық» апталығы
«Репродуктивті денсаулық» апталығы
“САЛАУАТТЫ ӨМІР - СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ” тақырыбында пікір
2025 жылдың 12–16 мамыр аралығында Шымкент қаласы Білім басқармасының бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес №134 жалпы орта білім беретін мектебінде «Репродуктивті денсаулық» апталығының жоспарына сәйкес 2025 жылдың 14 мамырында 9-11 сынып оқушылары арасында “Салауатты өмір - сенің таңдауың” тақырыбында сұрақ қойылып, пікірлері тыңдалды.
Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі.
Салауатты өмір салты - ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның салауатты өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды. Салауатты өмір сүру салты өмір сүруде мақсатты түрде қалыптасады.
Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн.