Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады
14
октябрь
2024
0

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады
📆 Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2024 жылдың 28-қазаны мен 3-қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады.
📁 Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары  ұсынылады.
📑Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:
• «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде   «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
• «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;
• Мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» жәрмеңкесі;
• «Мектеп театрының»  жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.
🔺 Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.
✔️ Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив