01
январь
2025
Қазақстан мектептерінде қысқы демалыс басталды
Қазақстан мектептерінде қысқы демалыс басталды
Оқу-ағарту министрлігі қысқы демалысты ұйымдастыру үшін өңірлерге «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұсыныстар жіберді. Бұл ұсыныстар қауіпсіздік сабақтарын, білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шараларды қамтиды.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып табылады. Әсіресе мереке күндері оқушылардың отбасымен уақыт өткізуіне ерекше көңіл бөлінеді.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында көшелерде, сырғанақтарда, мұз айдындарында, су қоймалары маңында және адамдар көп жиналатын орындарда, соның ішінде жәрмеңкелер мен жаңажылдық шыршаларда қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.
Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі де маңызды рөл атқарады. От пен электр құрылғыларын қолдану кезінде, жаңажылдық гирляндалар, шамдар мен бенгал шамдарын пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.
Еске сала кетейік, осы оқу жылында қысқы демалыс 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін 10 күнге созылады. Ал бірінші сынып оқушылары үшін 2025 жылдың 10-16 ақпан аралығында 7 күн қосымша демалыс беріледі.
В казахстанских школах начались зимние каникулы
Министерством просвещения разработаны и направлены в регионы рекомендации по организации зимних каникул в рамках программы «Біртұтас тәрбие». Они включают уроки безопасности, образовательные, спортивные, культурные и творческие мероприятия.
Одним из ключевых приоритетов остается обеспечение безопасности детей. Особое внимание уделяется совместному времяпрепровождению школьников с семьями, особенно в праздничные дни.
Для профилактики дорожно-транспортных происшествий необходимо уделить внимание мерам безопасности на улицах, на льду, горках, катках, возле водоемов, а также в местах массового скопления людей, на ярмарках и новогодних елках.
Также важно соблюдать пожарную безопасность при обращении с огнем и электрическими приборами, использовании новогодних гирлянд, свечей и бенгальских огней.
Напомним, зимние каникулы в этом учебном году продлятся 10 дней — с 30 декабря по 8 января включительно. Дополнительные каникулы для учащихся первых классов продлятся 7 календарных дней с 10 по 16 февраля 2025 года включительно.
