09
октябрь
2024
БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
№134 жалпы орта білім беретін мектебінде 3-31 қазан аралығында "БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ" тақырыбындағы іс-шара жоспарына сәйкес мектеп инспекторымен бірге 5-11 сынып оқушылар арасында "ЗАҢ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ" тақырыбында кездесу ұымдастырылып өткізілді. Кездесуге ҚПД Еңбекші ЖКБ бастығы полиция подполковнигі М.Момбеков ДТІЖО А. Елубаев, Ж. Жаштаева, Л. Садибекова қатысты. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы айтылды. Білім алушыларға мектеп уақытында мектептің жауапкершілігінде, мектептен тыс уақытта ата-аналарының жауапкершілігінде болатынын және кешкі мезгілде балалар заңды өкілдерінсіз көше және мекемелерде жүруге тыйым салынатындығы, рейд жүргізілген жағдайда ұсталған оқушылардың ата-аналарына айып пұл салынатындығы ескертілді.
