08
ноябрь
2023
№134 жалпы орта білім беретін мектебінде Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп инспекторы оқушылармен жиналыс өткізді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп инспекторы оқушылармен жиналыс өткізді.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықбұзушылық іс-әрекеттерінің алдын-алу, зорлық-зомбылық болдырмау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, оқиға орын алған жағдайда мектеп психологына, полицияға хабарласу керек екендігін ескертті. Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек?
Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау. Мектеп инспекторы оқушыларға мектеп уақытында мектептің жауапкершілігінде, мектептен тыс уақытта ата-аналарының жауапкершілігінде болатынын және кешкі мезгілде балалар заңды өкілдерінсіз көше және мекемелерде жүруге тыйым салынатындығы, олай болмаған жағдайда кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы, заңдық өкілі заң алдында 14 жасқа толған жасөспірімнің өзі заң алдында жауап беретіні, мектепке, көпшілік орындарға суық қару, адам өміріне қауіп келтіретін үшкір заттарды әкелмеу керек екендігі туралы және де мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтай отырып мектеп формасын ережеге сай кию керегін айтып өтті. Сонымен қатар
рейд жүргізілген жағдайда ұсталған оқушылардың ата-аналарына айып пұл салынатындығы ескертті.



