Сейсможаттығу » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2021
0

Сейсможаттығу

24.02.2021ж күні АҚ жоспарына сәйкес сейсможаттығуды дайындау және өткізу туралы  жоспар жасалынып, бұйрықтар бекітілді.
    24-27.02.2021ж күні аралықта штаб бастығы орынбасары  Қ.Пазылов мектеп оқушыларының арасында жас өрт сөндірушілер жасақтарын құру және өрттен құтқару түрлерінен жаттығу өткізді.
    01.03.2021ж күні мектеп әкімшілігі мектеп аумағында қызметкерлермен оқушыларды қауіпсіз жерге шығу үшін ғимараттармен аумақтарда қауіпсіз жерлерді анықтау жұмыстарын  жүргізді.
    02.03.2021ж күні мектеп директоры А.Б.Касжанов тиісті қызметкерден хабарлау дабылын қабылдау және нысандарға дабылды беру сондай-ақ шұғыл түрде көшіру сұрақтарын пысықтау жұмыстарын  жүргізді.
    03.03.2021ж күні  штаб бастығы орынбасары Қ.Пазылов өрт қауіпі болуы ықтимал кезінде мектептің қызметкерлерін қорғау бойынша іс шараларды ұйымдастыру жөнінде басшы құрамның әрекеттерін пысықтау жұмыстарын жүргізді.
    04-11.03.2021ж күні штаб бастығы  Ж.С.Жаштаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Л.О.Садибекова, сынып жетекшілер және дене тәрбиесі мұғалімдері әр сыныпта  Азаматтық қорғаныс айлығы тақырыбында сейсмикалық жаттығулар, эвакуациялық жинау, тәрбие сағаттары, викториналар, конкурстар, спортық эстафеталар (газқағарды кию, зардап шекендерді көшіру,  мектеп линейкалары, сынып  сағаттары, флешмобтар т.б.) іс-жүзінде және сапалы өткізілді. 
   11.03.2021ж күні штаб бастығы  Ж.С.Жаштаева мектеп аумағында өрт шыққан кезде алдын алу іс-шараларына дайындық өткізу жұмыстарын  пысықтады. 
    12.03.2016ж  күні  штаб бастығы Ж.С.Жаштаева, Қ.Пазылов өрт қауіпсіздігі туралы мектепішілік жаттығу өткізді. Нормативтік уақытта балаларды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары сәтті аяқталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив